• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 04 Мамыр, 2021

Жойғыш ұшақ шығарады

269 рет
көрсетілді

Германия, Франция және Испания бірлесе отырып, жойғыш ұшақ жасау жоспарына қол қоймақ. Германия Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, келесі аптада келіссөздер аяқталуы тиіс.

Еуропаның ең ірі қорғаныс жобасы – Future Combat Air System (FCAS) бастамасы бойынша келісім сәуір айының соңында аяқталуы тиіс еді. Бірақ тараптар зияткерлік меншік құқығын пайдалану жөнінде келісімге келе алған жоқ.

«Зияткерлік меншік құқығын пайдалануға қатысты әлі келісімге келмедік. Германия үшін бірлесіп қаржы­лан­дырылатын зерттеулердің нәтижелеріне сүйену өте маңызды», деді Германия Қорғаныс министрлігінің өкілі.

Реактивті ұшақты жасауға 100 миллиард еуродан астам қаржы жұмсалады. Dassault Aviation (AVMD.PA), Airbus (AVMD.PA) және Indra (IDR.MC) компаниялары бірлесіп жұмыс істейтін жоба арқылы Францияның Rafale мен неміс және испан Eurofighters ұшақтарын 2040 жылға дейін алмас­тыру көзделген.

Германия Қорғаныс министрлігінің өкілі жобада барлық қаты­су­шының мүдделерін құрметтейтін зияткерлік меншік құқығын реактивті ұшақта пайдалану үшін тиісті келісім болуы керек екенін айтады.