• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Әлем 04 Мамыр, 2021

Ресейде көші-қон қызметінің қызметкері Өзбекстан азаматын ұрып тастады

529 рет
көрсетілді

Өзбекстанның Сыртқы еңбек көші-қон агенттігі Томск қаласында Өзбекстан азаматымен болған жағдай туралы ресми ақпарат берді, деп хабарлайды Egemen.kz kun.uz сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде Ресей Федерациясының Томск қаласына қарасты федералдық қызмет қызметкерлерінің Өзбекстан азаматының құқығына қол сұғып, оған күш қолданғаны жайлы ақпарат тарады. 

Оқиға Өзбекстаннан келген мигранттың қызметкерге сұрақ қойып, оның құқығын сақтауды талап етуінен басталған болуы мүмкін. 

Сыртқы еңбек көші-қон агенттігінің хабарлауынша, Ресейдің Өзбекстандағы елшілігі мен агенттіктің өкілдігі Ресей Федерациясының құзырлы органдарына жағдайды түсіндіру, сондай-ақ жан-жақты және объективті тексеру жүргізу туралы тиісті сұраулар жіберді. 

Қолда бар ақпаратқа сенсек, Ресейдің тергеу комитеті мен Ішкі істер министрлігі осы оқиғаға байланысты тергеу жұмыстарын бастады.