Алматы облысында жүк көлігі мен жеңіл автокөлік соқтығысып, бір адам мерт болды, деп хабарлайды Egemen.kz
Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі көлік апаты бүгін сағат 11:45 шамасында болғанын хабарлады. «Алматы-Көкпек-Көктал» тасжолының 24-ші шақырымында болған оқиға кезінде 32 жастағы жолаушы көз жұмған.
Алдын ала болжам бойынша, Toyota автокөлігінің 23 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай қарсы бағытқа шығып кеткен. Салдарынан Панфилов ауылының маңында «HOWO» маркалы жүк көлігіне соғылған.
«Көлік апаты кезінде Toyota автокөлігіндегі 23 жастағы жолаушысы оқиға орнында тілге келместен мерт болды. Ал жүк көлігінің жүргізушісі түрлі дене жарақатымен Талғар аудандық ауруханасына жеткізілді» делінген аталған ведомствоның мәлімдемесінде. Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 345 бабы 3 бөлігіне сәйкес сот-алды тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалған.