Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында адамның сүйектері табылды, деп хабарлайды Egemen.kz
Аталған оқиға жайлы видео әлеуметтік желіде тарап кетті. Осыған орай Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайын түсіндірді.
«Сүйектер Есік қаласының жанында орналасқан Бөлек ауылдық округінен табылды. Бұл жер «Ромашка» деп аталатын саяжай. Ол сүйектер ашық-шашық шашылып жатқан жоқ. Жерді қазу барысында шыққан. Дәл осы жерде су құбырын жүргізу жұмысы жүргізіліп жатыр. Сүйекті тапқан да – сол мекеменің жұмысшылары. Қазір «Алтын адам» мұражайының архиологтері оқиға орнына келді. Сүйектерді жинап, сараптамаға жібереді», деп мәлім етті ведомство өкілі.