Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, жол апаты Құрманғазы ауданындағы №9 теміржол бекетінің тұсында болған, деп хабарлайды Egemen.kz
«УАЗ» бен «Lada Largus» көліктері соқтығысқан. Оқиға орнында 18 және 30 жастағы 2 ер адам көз жұмған.
Тағы 4 адам түрлі жарақатпен Құрманғазы аудандық ауруханасына жеткізілген. Қазір аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.