• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Футбол 04 Мамыр, 2021

Қазақстан құрамасы Аустрия жерінде жолдастық матч өткізеді

138 рет
көрсетілді

Футболдан ұлттық құрамамыздың бұл жолғы қарсыласы – Мальта құрамасы, деп хабарлайды Egemen.kz ҚФФ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

7 маусым күні Талғат Байсуфинов баптайтын Қазақстан құрамасы Аустрияның Вольсберг қаласындағы «Лавенталь Арена» стадионында Мальта құрамасымен жолдастық кездесу өткізетін болды.

Ұлттық құрамамыз 2003 жылы Валеттада жолдастық матч өткізіп, Мальта ұжымымен 2:2 тең түскен болатын.

Естеріңізге сала кетейік, 4 маусым күні Қазақстан құрамасы Приштина қаласында Косово құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді.