Өткен сәуір айында отандық өндіруші кәсіпорындарда сұйық май 8,6% қымбаттады, деп хабарлайды Egemen.kz Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігіне сілтеме жасап.
Биыл сәуір айында оның алдыңғы наурыз айымен салыстырғанда өнеркәсіптік өнім өндіруші отандық кәсіпорындарда баға 4,9% өсті.
Өткен айда тау-кен өндіру саласында баға көтерілді:
- мұнайға 6,5%;
- табиғи газға 1,1%;
- металл кендеріне 0,4%.
Өңдеу саласында баға жоғарылады:
- алюминийге 8,7%;
- мысқа 7,5%;
- ферроқорытпаларға 6,1%;
- мырышқа 5,9%.
Осы салада баға төмендеді:
- қорғасынға 3,9%;
- асыл металдарға 1,3%.
Мұнай өнімдерінен> қымбаттады:
- мазут 9,9%;
- сұйытылған пропан және бутан 3%;
- бензин 2,8%.
Азық-түлік өнімдерінен кәсіпорындарда баға көтерілді:
- өсімдік майына 8,6%;
- құс етіне 3,5%;
- мал етіне 3,1%;
- жармаларға 2,6%;
- қантқа 2,4%;
- макарон өнімдеріне 1,2%;
- бидай ұнына 0,8%;
- күрішке 0,5%;
- сүт өнімдеріне 0,3%.
Бағасы арзандаған азық-түлік:
- қара бидай ұны 7,1%:
- шай 0,2%.
Сондай-ақ электр энергиясымен және сумен жабдықтауда электр энергиясы, оны тарату бойынша қызметтерді қоса алғанда 7,1% жоғарылады, суды бөлу бойынша қызметтер 0,9% төмендеді.