Ирактың денсаулық сақтау министрі Хасан ат-Тамими Бағдад қаласындағы Ибн әл-Хатиб ауруханасында болған өрттен кейін отставкаға кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оның қызметінен кету туралы өтінішін ел премьер-мнистрі қабыл алды.
Еске салайық, ауруханадағы өрт 24 сәуірде болды. Алдын ала болжам бойынша өртке оттегі баллонының жарылуы себеп болған. Қызыл жалын көзді ашып-жұмғанша ғимараттың екі қабатын да шарпыған.