Экономист Тимур Әбілқасымов Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасы Мәдина Әбілқасымованың кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz
Агенттік мәліметінше, ол қаржылық тұрақтылыққа, экономикалық-математикалық модельдеуге, банк секторын стресс-тестілеуге қатысты мәселелермен айналысатын болады.
«Тимур Әбілқасымов тағайындалғанға дейін «Radius Advisory Lab» ЖШӘ консалтингтік компаниясының әріптесі лауазымын атқарды, онда ол Қазақстанның және Өзбекстанның коммерциялық банктеріне және ірі холдингтеріне тәуекелдерді басқару, корпоративтік басқару және ХҚЕС стандарттарын енгізу жүйелерін жетілдіру мәселелері бойынша консультация берді. Квазимемлекеттік сектор компанияларында және ЕДБ-да жұмыс істеді, ҚР Парламенті Сенатының жанындағы Жас сарапшылар клубының мүшесі», делінген хабарламада.