• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Оқиға 05 Мамыр, 2021

Жаркентте екі студент қайтыс болды

423 рет
көрсетілді

Алматы облысында гараждан кәмелет жасқа толмаған екі бозбаланың мәйіті табылды. Қайғылы оқиға Жаркент қаласында болған, деп хабарлайды Egemen.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Өңірдегі полиция департаментінің хабарлауынша, марқұмдардың екеуінің де жасы 17-де болған. Болжам бойынша жер үйдің гаражында көлік жөндеу кезінде бензин иісіне уланып, көз жұмған. Қазіргі таңда мамандар қайғылы жағдайдың нақты себебін білу үшін сотқа дейінгі тексеріс жүргізіп жатыр.

«Қинап өлтіру белгілері анықталмады. Алдын ала болжам бойынша жасөспірімдер автокөлікті жөндеу кезінде бензин иісіне уланған. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 156-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», дейді Алматы облыстық ПД ресми өкілі Ақбота Әзірбек.