Ақмола облысында такси жүргізушісін өлтірді деген екі күдікті ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аталған дерек бойынша, жедел қызмет өкілдерінің жеке құрамы жасақталып, жоғалған автокөлік іздеу жұмыстары кезінде Щучинскідегі жергілікті үйлердің бірінен табылған.
Полицейлердің мәліметінше, бұл дерек бойынша соталды тергеу басталды. Бурабай ауданының полиция бөлімі облыстық Полиция департаментімен бірлесіп 20 және 22 жастағы күдіктілерді ұстады. Олар жасаған ісін мойындап, қылмыс қай жерде болғанын және марқұмның денесін қайда жасырғандарын айтты.
Марқұм бос уақытында такси қызметінде жұмыс істеген, күдіктілер жүргізушіні «Индрайвер» қосымшасы арқылы шақырған.
Еске салайық, сейсенбі, 4 мамырда Бурабай ауданындағы полиция басқармасының кезекші бөліміне 45 жастағы тұрғыннан хабар түскен. Ол 3 мамырда шамамен сағат 21.00-де 19 жастағы ұлы жоғалып кеткенін айтқан. Жәбірленушінің анасы ұлы қара түсті «Мерседес-180» автокөлігімен үйден шығып, жоғалып кеткенін хабарлаған.