• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 06 Мамыр, 2021

Біртанов қашып кете ме? Экс-министр мен туыстарының шетелде жылжымайтын мүлігі бары анықталды

523 рет
көрсетілді

Аса ірі көлемде мемлекет қаржысын жымқырды деген күдікпен ұсталған Денсаулық сақтау экс-министрі Елжан Біртанов тергеуден қашып кетуі мүмкін. Осылай деген прокурор оны қайтадан үйқамаққа алып, жұмысқа шығармауды сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

«Тергеу барысында Елжан Біртановтың үйқамақта отырғанда отбасы мүшелерінен бөлек басқа да адамдармен, қорғаушылармен де сөйлесуге тыйым салынғанына қарамастан олармен бірнеше рет арласқанын анықтады. Сондай-ақ, күдікті Біртанов пен оның жақындарының атында шетелде жылжымайтын мүлік тіркелген және тұруға рұқсаты бар екенін анықтап отыр», деді прокурор Төлеген Жараспаев.

Прокурор экс-министрдің шетелге қашып кетуінен күдіктенетінін айтады. Сол себепті Елжан Біртановтың үйқамақта отыру мерзімін 14 маусымға дейін, яғни тағы 1 айға созуды сұрады. Бірақ, бұған келіспейтін Біртановтың қорғаушылары оны ешқайда шықпау туралы қолхатпен босатуын сұрады.

Бұған дейін, 1 жарым миллиард жымқырды деген күдікпен ұсталған экс-министрдің үйқамақ мерзімі 14 мамырға дейін ұзартылып, таңғы 8-ден кешкі 7-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат берілген еді. Сот процесі қайта жалғасатын болады.