• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Мамыр, 2021

БҚО денсаулық сақтау басқармасы бұрынғы басшысының ісі сотқа жіберілді

132 рет
көрсетілді

Орал қалалық сотында БҚО денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Болатбек Каюповқа қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ол пара алды деген күдікке ілінген. Айыпталушы тарапқа ведомствоның тағы бір экс-қызметкері Айдос Себепов қосылды. Ол Серік Тұралиевпен бірге пара алуға көмектескен деген айып тағылды.

«27 сәуірде қылмыстық іс қайта сотқа жолданды. Қылмыстық іске Каюпов пен Тұралиевке қоса Себепов та айыпталушы ретінде қосылған. Айыптау қорытындысына сәйкес, Каюпов БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы бола отырып, ЖШС-мен 78 миллион теңгеден аса сомаға жабдықты жеткізуге арналған мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан. Кейін ЖШС директорынан орындалған жұмыстар актісіне кедергісіз қол қойып, медициналық жабдықты қабылдағаны үшін шарт сомасының 10 пайызын талап еткен. Каюпов Тұралиев пен Себеповтың көмегімен 2020 жылдың 14 қазанында 3,4 миллион теңге, ал 23 қазанда 4,4 миллион теңге пара алды деп айыпталып отыр» , деді облыстық сот баспасөз қызметі өкілдері.

Алайда прокурор іске тағы бір тұлға - Айдос Себеповтың қатысы болуы мүмкін деген нұсқамен істі тергеуге қайтару туралы өтініш білдірді. Болатбек Каюпов пен Серік Тұралиевтің өзі сот талқылауы кезінде ол туралы бірнеше рет айтқан, ал куәгер Булекова бастапқыда Тұралиев Айдостың атынан келгенін айтқан болатын.

Айта кетейік, 2021 жылдың ақпанында мемлекеттік айыптау тарапы өтініші бойынша қылмыстық іс үшінші тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке тарту қажеттілігіне байланысты прокуратураға қайтарылған болатын. Сот процесі барысында оған қатысушылар денсаулық сақтау басқармасында жұмыс істеген Айдос Себеповтың есімін бірнеше рет атаған. Сотталушы Тұралиев ЖШС өкілдерімен кездесіп, оның нұсқауы бойынша әрекет еткенін айтты. Каюповтың өзі Себепов сенімді досы екенін айтқан.