ҰҚК Шекара қызметінде жұмыс істейтін кіші сержант Мақсат Дәуітаев ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жамбыл облысы бойынша Қордай ҰҚК Жол-патрульдік қызметі басқармасы инспекциялық-тексеру кешенінің аға технигі келісімшарт бойынша қызмет етеді.
2017 жылғы ақпанда Дәуітаев көлікпен ірі көлемдегі есірткі құралдарын (героин) тасымалдаудың 3 дерегін анықтаған.
Кіші сержант Мақсат Дәуітаев Президенттің 2021 жылғы 26 сәуірдегі № 561 Жарлығымен ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.
Марапаттау салтанатты түрде өткен. Награданы ҰҚК төрағасы Ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты Кәрім Мәсімовтың өзі Мақсат Дәуітаевқа табыстаған.