• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Мамыр, 2021

Атыраудың іскер әйелдері шаған көшеттерін екті

422 рет
көрсетілді

Атырауда «30 игі іс» қайырымдылық марафоны аясында іскер әйелдер шаған көшеттерін екті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Гүлжан Мұхатаеваның айтуынша, кеңес мүшелері қаланы көгалдандыруға үлес қосуды көздепті. Олардың бастамасына облыстық әкімдік қолдау білдірген. Кеңес  мүшелері әуежайға жақын орналасқан көшеге шаған көшеттерін екті. 

«Тал егу – ежелден келе жатқан игі амалдың бірі. «Бір тал кессең, он тал ек» дегендей, қаламыздың тазалығы үшін әрқайсымыз қолдан келгенше үлес қосайық», деді облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Қайыржанқызы.

Кеңес мүшелері алда тағы да бірнеше көшеге көшет егуді жоспарлап отыр.