Атыраулық оқушылар «Киелі табиғат» экологиялық жобасы аясында саябаққа жеміс ағаштарының 25 көшетін екті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Атырау облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының атқарушы директоры Айымгүл Қосалиеваның айтуынша, акцияға белсенді оқушылар мен Қазақстан халқы Ассамблеясы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының волонтерлары қатысты.
«Бұл жоба бірнеше мақсатты көздейді. Біріншіден, жас буынның табиғатқа жанашырлығын ояту. Екіншіден, қаланы көгалдандыруға үлес қосу. Үшіншіден, өзіміз ауасын жұтып, суын ішіп отырған қоршаған ортаның тазалығын сақтау. Міне, осындай маңызды мақсаттарды іске асыру үшін Достық үйі жанындағы саябақты таңдап алдық», дейді Айымгүл Қосалиева.