• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Мамыр, 2021

Елордада жүк көлігіне соғылған Toyota Camry жүргізушісі қаза тапты

721 рет
көрсетілді

Елордада жеңіл көлік жолдың қарама қарсы бағытындағы Shacman ауыр жүк көлігіне соғылды, деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«10 мамырда Нұр-Сұлтан қаласының 102 нөміріне жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама келіп түсті. Әл-Фараби даңғылымен жүріп келе жатқан Toyota Camry көлігінің 51 жастағы жүргізушісі жолдың қарама-қарсы жолағына шығып кетіп, онда 32 жастағы жүргізуші айдап келе жатқан Shacman ауыр жүк көлігімен соқтығысқаны анықталды», делінген хабарламада.

Жол апаты салдарынан Toyota Camry көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды.

Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.