Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай twitter-дегі парақшасында жазды.
Нұрсұлтан Назарбаев «Farab» кітапханасының цифрлық өндіріс зертханасы жұмысының нәтижелерімен танысты, сондай-ақ сирек кітаптар мен манускрипт (көне заманғы қолжазба) залын аралап көрді.
«Кітапхана басқарушы компанияға берілген. Онда алаңсыз кітап оқуға, өз-өзін дамытуға мүмкіндік мол. Оқырмандар үшін кітап оқу тегін. Балалар бұл жерде өздерін жан-жақты дамыта алады. «Farab кітапханасы» туристік орталықта орналасқан. Ата-аналар осы аралықта балаларын кітапханадағы қызметкерлерге алаңсыз қалдыра алады. Оларға ақылы түрде өте жоғары деңгейде қызмет түрлері көрсетіледі», деді кітапхананың директоры Айко Төкен.
Айта кетейік, облыстық ғылыми-әмбебап «Farab» кітапханасында 480 мыңнан астам кітап қоры бар.