12 мамырдағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бүгінде «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары орналасқан.
«Сары» аймақта Шымкент қаласы, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстары тұр.
«Жасыл» аймақта: Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары.