• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Мамыр, 2021

СҚО-да әйелін өлтірді деген күдікпен 58 жастағы ауыл тұрғыны ұсталды

309 рет
көрсетілді

СҚО-да әйелін өлтірді деген күдікпен 58 жастағы ауыл тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

10 мамыр күні сағат 17:15-те Тимирязев ауданының полиция бөліміне аудан орталығындағы үйлердің бірінен атылған оқтың дауысы естілгені туралы қоңырау түскен. Полицейлер оқиға орнына келгеннен кейін үйдің ауласында 1962 жылы туған әйелдің мүрдесін анықтады, сондай-ақ үйде атыс жарақатымен 2007 жылы туған қыз болған. Қыз бала Тимирязев аудандық ауруханасына жеткізілді.

1962 жылы туған үйдің иесі мас күйінде әйелімен жанжал кезінде «ИЖ» маркалы қарудан оқ атқаны, нәтижесінде әйел сол жерде көз жұмғаны белгілі болды. Үйде бірге болған немересі жарақат алған.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі (Адам өлтіру); ҚР ҚК 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігі 1,14-тармақтары бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.