Американдық актер, продюсер және режиссер Норман Ллойд қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz Variety сайтына сілтеме жасап.
Ол Лос-Анджелес қаласындағы үйінде 107 жасқа қараған шақта көз жұмды.
80 жылдық мансабында ол Чарли Чаплин мен Альфред Хичкоктың фильмдеріне түскен. Соңғы рөлін 2015 жылы «Комплекссіз қыз» комедиясында ойнады.
Oldest.org сайтының хабарлауынша, Ллойд әлем бойынша ең егде жастағы танымал кино актері болған.
Продюсер Дин Харгроувтың айтуынша, Ллойд өзінің ұзақ өмірінің құпиясын «жағымсыз адамдардан аулақ жүруінде» деп санайды екен.
Айта кетейік, актер 1914 жылдың 8 қарашасында дүниеге келген.