• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Мамыр, 2021

Ақмолада немересі зейнеткердің шотынан ақша ұрлаған

760 рет
көрсетілді

Ақмолада немересі туған әжесінің шотынан 150 мың теңгені шешіп алған, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бурабай ауданының ПБ кезекші бөліміне Щучинск қаласының қарт тұрғынынан 6 мамырда сағат 10:00-де белгісіз тұлғалар оның «Халық банкі» картасынан 150 000 теңге сомасындағы ақшалай қаражатты алғаны туралы өтініш келіп түскен.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері жәбірленушінің банк картасына рұқсаты бар немересінің қатысы болуы мүмкін екенін анықтады. 37 жастағы әйел полиция бөліміне жеткізілді. Тергеу барысында полиция қызметкерлеріне бұл ақшаны картадан өз еркімен алып, жеке қажеттіліктеріне жұмсағанын мойындады.

Аталған факті бойынша тәртіп сақшылары ҚР ҚК 389-бабы (Өзінше билік ету) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады. Тергеу амалдары жалғасуда.