• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Оқиға 12 Мамыр, 2021

Шымкент маңында қой бағып жүрген адам граната тауып алды

255 рет
көрсетілді

Шымкент қаласында табылған гранатаға ұқсас жарылғышты полиция залалсыздандырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

11 мамыр күні жергілікті тұрғын қала аумағындағы ауылдардың бірінде қой бағып жүрген кезінде гранатаға ұқсас затты тауып алған. «Ол осы жағдайды Шымкент қалалық полиция департаменті Еңбекші ауданы ПБ-ның кезекші бөліміне хабарлады. Аталған хабарлама бойынша полиция қызметкерлері шақырту болған жерге шұғыл барды. Тексеру барысында тәртіп сақшылары қара түсті гранатаны анықтап, қоршауға алып, залалсыздандырды», делінген хабарламада.

Шымкент қаласының ПД жарылғыш затты тапқан кезде одан алыс тұрып, қауіп туралы айналадағы азаматтарға ескертіп, дереу полицияға хабарлауға кеңес береді.

Соңғы жаңалықтар