Синоптиктердің болжауынша 13 мамырда Қазақстанның батыс, шығыс және солтүстік-шығыс бөліктерінде құбылмалы ауа райы сақталады. Жаңбыр жауып, найзағай болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Республиканың қалған аймақтары жоғары атмосфералық қысым алқабында болғандықтан ауа райы көбінесе жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстік және солтүстікте тұман, оңтүстік-батыста шаңды дауыл күтіледі, шығыста бұршақ жаууы ықтимал.
Түркістан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл болып, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысында тұман болып, күндіз желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.
Жамбыл, Атырау, Павлодар, Ақмола, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Жамбыл облысында тұман түсіп, күндіз Шығыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы ықтимал.
Қызылорда облысында шаңды дауыл болады.
Алматы облысының жекелеген ауданында өте жоғары өрт қаупі күтіледі.