• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Мамыр, 2021

Семейлік кәсіпкерлер Риддерде өрттен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жіберді

148 рет
көрсетілді

Семей қаласының тұрғындары мен кәсіпкерлері арнайы шотқа 16 млн теңгеден астам қаражат аударып, гуманитарлық көмек жинады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Тек бірігіп қана біз барлық қиындықты жеңе аламыз. Бұл жағдайда да жерлестерімізге көмек көрсету керек. Барлық жанашыр тұрғындар мен кәсіпкерлерді өрт салдарынан зардап шеккен жерлестерімізге көмек көрсетуге шақырамын», деді «Фирма Азия» ЖШС директоры Сәуле Досқожанова. 

Айта кетейік, қала кәсіпкерлері 15 тоннаға жуық азық-түлік жинады. «Агрофирма – Приречный» ЖШС 5 тонна пияз және 5 тонна қырыққабат бөлді. «Ай-Ар» ЖШС 350 кг 1 сұрыпты ұн, «АҚ-нан КЗ» ЖШС 250 кг ұн, «Семнан» ЖШС-і өз өндірісінің ұннан жасалған кондитерлік өнімдерін, атап айтқанда, 10 қорап печенье, 10 қорап қытырлақ нан және сонша тәтті тоқаштар жіберді.

«Semei Qus» ЖШС 2 санаттағы 10 қорап жұмыртқа, ал «Апрель» көпфункционалды кешені гуманитарлық көмек үшін 50 кг күріш, 100 кг макарон өнімдері, 50 кг қарақұмық жармасы, 50 литр күнбағыс майы, сондай-ақ 50 кг ұн мен қант бөлді. 

12 мамыр күні  аталған көмек қоры жиналған екі жүк көлігі Семейден Риддер қаласына жөнелтілді.