• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Мамыр, 2021

Алматыда ұрланған мүлікті сатып алушылар ұсталды

248 рет
көрсетілді

Алматы полициясы ұрланған мүліктің жеті ірі сатып алушысын ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

«Өткен жылы департаментте арнайы тергеу-жедел топтары құрылып, ұрлықтарды ашумен айналысты. Ұрланған заттар сатылатын сауда үйлерінде және қаланың базарларында іс-шаралар жүргізілді. Осы жұмыстың нәтижесінде ұрланған мүлікті сатып алып отырған жеті адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Ұрланған құнды заттардың көп мөлшері тәркіленіп оның ішінде 800 ұялы телефон, 100 ноутбук иелеріне қайтарылды», деді Алматы қалалық ПД бастығы Қанат Таймерденов.

Сонымен қатар департамент басшысының айтуынша, ұрлықтың алдын алу үшін де бірқатар іс-шаралар жүргізілуде.

«Қалалық мобильділік басқармасымен бірге қаладағы барлық қоғамдық көліктерге бақылау камералары орнатылды. Төрт ай ішінде қалта ұрлығы үш есеге азайды. Ұрлықтың алдын алудағы тиімді шаралардың бірі – дабылды және бақылау камераларын орнату. Халық арасында жүргізілген түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде тұрғындар үйлеріне дабыл қағу мен бақылау камераларын белсенді түрде орната бастады. Бұл ұрлықтардың жалпы қылмыс санындағы үлесін 70%-дан 40%-ға дейін төмендетуге және ашылу деңгейін жақсартуға мүмкіндік берді», деді Қ. Таймерденов.