Атырауда 36 жастағы әйел трамадол дәрісінің 60 данасын заңсыз сатқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 12 мамыр күні 36 жастағы әйелдің 60 дана трамадол, 19 дана трапикамед дәрі-дәрмектерін заңсыз сатып жүргенін анықтаған.
«Қазір аталған әйелге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 426-бабымен «Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникалық айналысы саласының қағидаларын бұзу» дерегімен Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментіне шешім қабылдау үшін іс-құжаттар жолданды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.