• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Оқиға 14 Мамыр, 2021

Іздеуде жүрген қырғызстандық қылмыскер Алматыда ұсталды

170 рет
көрсетілді

Алматылық полицейлер Қырғызстанда адам өлтіргені үшін іздеуде жүрген ер адамды ұстады. Күдіктіні экстрадициялау туралы мәселе қарастырылып жатыр,  деп хабарлайды Egemen.kz.

Ведомство мәліметі бойынша, 32 жастағы күдікті Алматы қаласында бой тасалап жүрген.

«Күдікті Алматы қаласы аумағында жасырынып жүргені туралы ақпарат келді. Жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп, нәтижесінде ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдіктіні экстрадициялау мәселесі халықаралық шарттарға сәйкес шешіледі», деді Алматы қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары полиция подполковнигі Рүстем Әбдірахманов.