Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова бүгінге дейін спортшыларымыз Токио Олимпиадасына неше жолдама жеңіп алғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Ұлттық Олимпиада комитетімен бірлесіп, ұлттық құрама командалардың спортшыларын Токио қаласында өтетін жазғы Олимпиада ойындарына дайындау үшін белсенді жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі таңда спорттың 24 түрінен 57 лицензия жеңіп алдық», деді министр.