• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Әлем 14 Мамыр, 2021

АҚШ Президенті «маскасын» шешті

306 рет
көрсетілді

Ақ үй басшысы Джо Байден вакцина салынғандардың құқығын кеңейту үшін жаңа ережелерге сәйкес масканы алғашқылардың бірі болып шешті, деп хабарлайды Egemen.kz  Reuters-ке сілтеме жасап.

Америкада бақылау және алдын алу орталығы шығарған жаңа қаулыға сәйкес вакцина салдырған адамдар ашық жерде де, жабық жерде де маскасыз жүре алады. 

Осыған байланысты Джо Байден кеңседе вакцина салдырған депутаттармен кездесті. Ол масканы алғашқылардың бірі болып шешті. 

«Мен бұл ұлы күн деп ойлаймын. Егер вакцина салдырған болсаңыз маскасыз жүре аласыз», деді Байден. 

Жаңа ереже бойынша Америкада вакцина салдырған адамдар сапарға шыққанда карантинде жату міндетінен босатылады және коронавирусты анықтайтын тест тапсырмайды. 

Бұл ережелер науқастар санын азайту мен жастардың вакцина салдыра бастауын және вакцинаның тиімділігене негізделіп жасалған. 

Ақ үй басшысы америкалықтарды вакцина салдыруға және коронавируспен күресті тоқтатпауға шақырды.