• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 14 Мамыр, 2021

Ақтоты Райымқұлова отставкаға кететінін айтты

2651 рет
көрсетілді

Мәдениет және спорт министрінің бұрынғы орынбасары Сәкен Мұсайбековтың кінәсі дәлелденсе, Ақтоты Райымқұлова жұмысынан кетеді. Ведомство басшысы бұл туралы Орталық коммуникациялар брифингінде мәлім етті, деп жазады Egemen.kz.

Естеріңізге салайық, Сәкен Мұсайбеков ақпан айында «букмекерлік салаға қолдау көрсеткені үшін пара алды» деген күдікпен ұсталған. Қазір соталды тергеу жүріп жатыр.

«Еліміздің Конституциясына сәйкес, адамның кінәсі дәлелденбегенше, оны айыптауға болмайды. Әрине Сәкен Мұсайбеков шын мәнісінде кінәлі болып шықса, мен өз қызметімнен кетемін», деді Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова.