Қазақстандағы McDonalds компаниясының бас директоры Әсет Машанов Атырау қалалық әкімдігіне ерекше қажеттілігі бар адамдарға арналған екі автокөліктің кілтін табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Volkswagen Crafter Kasten» маркалы шағын автобустар мүмкіндігі шектеулі жандарды тасымалдауға арналған. Көліктер қажетті талаптар мен стандарттарға сәйкес келеді. Автобустарда арбаларға арналған арнайы көтергіш орнатылған. Көліктер қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімінің теңгеріміне берілді», деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.