• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Мамыр, 2021

Теңіз кенішінде көлік астынан құс ұясы табылды

2107 рет
көрсетілді

Бұл туралы әлеуметтік желіде тараған видеодан белгілі болып отыр. Құс ұясы табылған көліктер 14 күнге тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz

«Тұрақта тұрған үш көліктің астынан құстың үш ұясы табылды. Компанияның  биоалуантүрлілікті басқару рәсіміне сәйкес орнитолог тексеру жүргізді. Бір ұяда инкубацияның белсенді сатысы бары анықталды. Көліктердің жұмысы балапандар ұядан ұшып кеткенге дейін, кем дегенде 14 күнге тоқтатылады. Орнитолог ұяны жұмыртқа басу аяқталғанша апта сайын тексереді. Екі ұядан құс жұмыртқасы табылған жоқ», деп мәлім етті «Теңізшевройл» компаниясының баспасөз қызметі.