• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Мамыр, 2021

Ақтауда су сорғы жабдықтарын дайындайтын зауыт салынады

309 рет
көрсетілді

Биыл Ақтауда су сорғы жабдықтарын дайындайтын зауыт салынады, деп хабарлайды Egemen.kz

Кәсіпорын мұнай өндірісіне қажетті құбырлар шығарады. Жоба құны – 14,2 млрд теңге. Кәсіпорын іске қосылғанда жылына 120 мың дана сорғы штангілері мен оған қажетті 150 мың муфталар өндірілмек. Ал шығарылған өнімнің 50% ішкі нарықта қалып, қалған 50% экспортқа шығарылады деп жоспарланып отыр.

Тұрақты 200 жаңа жұмыс орны ашылады. Су сорғы жабдықтарын дайындайтын зауыт биылғы маусым айында басталып, 2022 жылы пайдалануға беріледі. Сонымен қатар өңір басшысына «Ақтау теңіз порты» АЭА №1 субаймағында салынатын тағы бір жаңа зауыттың жобасы таныстырылды.

Инвестициялық жоба мұнай өндірісіне қажетті химялық қоспалар шығарады. Зауыт іске қосылғанда елімізде баламасы жоқ 20-дан астам химия қоспаларын шығаратын бірегей кәсіпорын болмақ. Зауыт жылына 8000 тонна бензалконий хлориді, полиакрил қышқылы, коррозия ингибиторы концентратын шығарады.

Тұрақты 40 адам жұмыспен қамтылады. Жоба құны – 1,7 млрд теңге. 30%-ы компанияның жеке есебінен қаржыландырылса, қалған 70%-ы отандық инвесторлардың есебінен салынады. Жоба құрылысы 2021 жылы басталып, 2023 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр.