• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Мамыр, 2021

Алматы облысында әскерден қашып кеткен сарбаз ұсталды

287 рет
көрсетілді

Алматы облысында әскерден қашып кеткен қатардағы жауынгер қолға түсті. Шығыс Қазақстан облысының тумасы үйін сағынғандықтан осындай әрекетке барғанын түсіндірген, деп хабарлайды Egemen.kz

Қатардағы жауынгер Дархан Мырзабаев 16 мамыр түнгі сағат 3:00 шамасында қолға түсті. Оны әскери полиция қызметкерлері Сарыөзек стансасынан тапқан.

«Қашып кеткен азамат үйін сағынғандықтан осындай қадамға барғанын айтты. Қазір Мырзабаев Отан алдында борышын өтеп жатқан әскери бөлімшеге жеткізілді. Оған қатысты қызметтік тексеріс жүріп жатыр. Соған сәйкес тиісті тәртіптік шара қолданылатын болады» делінген Ұлттық Ұланның баспасөз қызметі тартқан хабарламада.

Айта кетейік, 14 мамыр күні Алматы облысының Заречный ауылында орналасқан 5574 әскери бөлімінен қатардағы жауынгер Дархан Мырзабаев қашып кетті. Оны әскердің жеке құрамы іздеп, қолға түсірді. Айта кетейік, Д. Мырзабаев Шығыс Қазақстанның Жарма ауданынан әскерге шақырылған еді.