• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Мамыр, 2021

Атырау облысында спорт кешені пайдалануға берілді

890 рет
көрсетілді

Атырау облысының Өрлік ауылында 300 орындық спорт кешені пайдалануға беріліп, жас өрендерді қуанышқа бөледі, деп хабарлайды Egemen.kz

Индер ауданының әкімі Мейірім Қалауидың мәлім етуінше, былтыр Өрлік ауылында жаңа нысанның құрылысы басталған екен. Екі қабатты спорт кешенінің жалпы ауданы – 896,2 шаршы метр.

«Ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында ашылған бұл нысан бұқаралық спортты дамытып, саламатты өмір салтын қалыптастыру мақсатын көздейді. Заманауи стандартқа сай салынған спорт кешені қажетті құрал-жабдықтармен толық жабдықталды. Мұнда бір мезгілде 300 жасөспірімнің спорттың 5 түрімен, атап айтқанда, дзюдо, қазақ күресі, баскетбол, волейбол, жеңіл атлетикамен айналысуына барынша жағдай жасалды. Спорт кешенінің жанында футбол алаңы бар», дейді ауданы әкімі Мейірім Қалауи.

Ауылдың спортқа бейім жас өрендерін алдағы қыркүйекте жаңа кешенінде спортпен айналыса бастайды.