Мексикалық 26 жастағы Андреа Меза (Andrea Meza) «Әлем аруы» байқауында топ жарып, жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жеңімпаз тәжін «Әлем аруы – 2019» ОАР аруы Зозибини Тунци табыстады. Үздік бестікке Бразилия, Үндістан, Доминикан республикасы және Перу өкілдері кірді.
Андреа Меза Мексика атынан «Әлем аруы» атанған үшінші қыз. Бұған дейін мексикалықтар 1991 және 2010 жылдары жеңіске жеткен.