• RUB:
    4.96
  • USD:
    447.25
  • EUR:
    485.18
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Мамыр, 2021

ШҚО-да жартастың арасында қысылып қалған бала құтқарылды

165 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое кентінде 12 жасар бала жартастың арасына кептеліп қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жасөспірім жақын маңда өтіп бара жатқан адамдарды көмекке шақырған. 

«Глубокое кентіндегі Алтынсарин көшесі маңындағы жартастардың арасында қыстырылып қалған бала ол жерде жалғыз ойнап жүрген. 12 жасар бала өздігінен шыға алмаған соң өтіп бара жатқан адамдардан көмек сұрап, айғай салған. Куәгерлер құтқарушыларды шақырып, 23-ӨСБ қызметкерлері құтқару арқанының көмегімен қыстырылып қалған баланы алып шықты» делінген хабарламада.

ШҚО ТЖД ата-аналарға балаларды жалғыз қалдырмау, оларға көшеде және табиғатта болатын қауіп туралы түсіндіру керегін еске салады.