• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 18 Мамыр, 2021

Бүгін елімізде жел күшейіп, жаңбыр жауады

320 рет
көрсетілді

18 мамырда Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тек еліміздің оңтүстігінде және батысында жауын-шашын болмайды. Еліміздің кей жерлерінде жел күшейеді, оңтүстік және оңтүстік-батыста кей жерлерде шаңды дауыл соғуы ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел күшейіп, дауыл соғады.

Түнде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, күндіз 15-20 м/с болады. Кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола, Жамбыл, күндіз Павлодар облыстарында жел күшейеді, күндіз бұршақ жауады.

Түркістан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл соғады.