«Микроқарызды көп мөлшерде аймақтардағы қазақстандықтар алады, себебі олардың жалақысы төмен», деген ел арасында жаңсақ пікір бар. «Robocash Group» («Займер» ОНС) халықаралық қаржы холдингі мамандары экономикалық есептеулер негізінде зерттеу жүргізіп, қазақстандықтардың жалақысы мен олардың әдетте қарызға сұрайтын сомасының арасында еш байланыс болмайтынын дәлелдеді.
Ұлттық статистика комитетінің ресми мәліметтеріне сүйене отырып, компания аналитиктері республика аймақтарындағы орташа жалақы мен олардың әдетте қарызға сұрайтын сомасын салыстырды. Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласында орташа жалақы 349,6 мың теңге, ал сұралатын қарыз сомасы 76,6 мың теңгеден аспайды. Алматыда орташа жалақы айтарлықтай жоғары, яғни 274,4 мың теңге, ал сұралатын қарыз сомасы Нұр-Сұлтандағыдай – 75,1 теңге.
Солтүстік Қазақстанда жалақы орта есеппен 168,9 мың теңгені құрайды, бірақ аталған өңір тұрғындары қарыз сомасын әдетте 56,9 мың теңгеден асыра қоймайды. Басқа өңірлерде де жағдай осыған ұқсас.
«Анализ барысында, келесі жағдайды байқадық: неғұрлым жалақы төмен болса, қарыз сомасы да соғұрлым төмен. Демек қазақстандықтар өздерінің қаржы мүмкіндіктерін жақсы біледі және ең бастысы, қарызды көп сұрап алып, одан кейін оны қайтара алмай қалып, дәрежесін түсіріп алудан қорқады. Сол себепті, қайтаруға шамасы келетін соманы ғана алады. Десек те Түркістан және Жамбыл облыстары көзге ерекше түсіп отыр. Аталған өңірлерде орташа жалақы басқа өңірлермен салыстырғанда төмен болғанына қарамастан, облыс тұрғындары ең жоғары қарыз сомасын алушылар қатарына кіреді екен. Оның себебі, Жамбыл мен Түркістан облыстарында бизнесмендер өте көп, олар қарызды бизнесін дамыту мақсатында алады», дейді «Займер» сервисінің мамандары.