• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
Үкімет 21 Қараша, 2016

Тасмағамбетов ЮНЕСКО-ның Бас директорымен кездесті

6836 рет
көрсетілді

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов Париж қаласында іс-сапармен болып, ЮНЕСКО-ның Бас директоры Ирина Боковамен кездесті.

Сапар барысында тараптар Қазақстан мен ЮНЕСКО арасындағы ынтымақтастықтың басым бағыттарына қатысты бірқатар мәселелерді талқылады.

Кездесу барысында вице-премьер ЮНЕСКО мандаты және жалпы БҰҰ аясындағы еліміздің бастамаларына көрсеткен тұрақты қолдауы үшін ризашылығын білдірді.

Атап айтқанда, ЮНЕСКО Бас конференциясының 38-ші сессиясы барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ЮНЕСКО-ның Штаб-пәтерінде болды. Онда Мемлекет басшысы Алматы қаласында ЮНЕСКО-ның басшылығымен 2-ші санатты Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру  орталығын құру бастамасын ұсынған еді.

И. Тасмағамбетовтің айтуынша, Президент сапарынан кейін осы бастаманы жүзеге асыру үшін тараптар айтарлықтай жұмыстар жүргізді. Бұл орталық мәдениеттер жақындасуының халықаралық онжылдығы аясындағы жобаларды іске асыруға және жалпы әлеуметтік ғылымдардың дамуына қолдау көрсетеді.