• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Мамыр, 2021

Атырауда үй қызметшісі сейфтен 56 млн теңгені ұрлап кеткен

4258 рет
көрсетілді

Атырауда үй қызметшісі болып жұмыс істеген әйел пәтердегі сейфтен 56 миллион теңгені ұрлап, Шымкент қаласына кетіп қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 28 наурызда сағат 00:22-де Атырау қаласының 46 жастағы тұрғыны «102» операторына хабар берген.

«Шағымданушы 26-28 наурыз аралығында белгісіз адамдар пәтерге еркін кіріп, сейфтен 56 миллион теңгесін жымқырғанын айтқан еді. Осы дерекке байланысты криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтау үшін жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді», деді облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

Полицейлер жәбірленушінің пәтерінен қомақты ақшаны ұрлаған күдіктіні анықтады. Күдікті – үй қызметшісі болып жұмыс істеген 1979 жылы туған әйел. Ол Шымкент қаласында ұсталды.