Елімізде карантин талаптарын сақтамағандарға шара қолданылады. Осыған орай Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Әділет министрлігі мен Бас прокуратураға тапсырма берді, деп хабарлайды Egemen.kz
Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 43 жастағы ер адам көлікпен Катонқарағай ауданындағы «Өскемен-Рахман қайнарлары» тасжолымен келе жатқан. Жылдамдықты рұқсат етілген шектен асырып жіберген ол бұрылыста рульді басқара алмай қалып, көлік жол жиегіне шығып, аударылып түсті.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан салон ішінде болған 24 жастағы жолаушы Катонқарағай аудандық ауруханасында көз жұмды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігіне (абайсызда адам өліміне әкеп соққан көлік құралын басқаратын адамдардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», деп хабарлады ведомство өкілдері.
Қазіргі уақытта бірқатар сараптама тағайындалған. Соның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.