• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Әлем 18 Мамыр, 2021

Галапагос аралдарындағы Дарвин аркасы құлады

454 рет
көрсетілді

Галапагос аралдарында табиғи эрозия әсерінен Дарвин аркасы құлады. Ол әлемдегі ең танымал жартастардың бірі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Галапагос аралдарын қорғау қоры Twitter-парақшасында жариялады.

«Галапагос аралдарының белгісі, Дарвин аркасы кеше эрозияға байланысты құлады. Бұл сүңгуірлер үшін ең танымал орындардың бірі саналатын», делінген қор хабарламасында.

Көрнекті орын 234 арал мен жеке жартастар архипелагының құрамына кіретін Кулпеппер аралынан бір шақырым жерде орналасқан. Ұлыбританиялық ғалым Чарльз Дарвиннің есімімен аталған доға жанартау арқылы пайда болған және су асты жартасының шыңы. Мыңдаған жылдар бойы эрозия шыңды көпірге айналдырған. ХХІ ғасырда доға қирады.

Дарвин 1835 жылы Галапагос аралдарын зерттеген. Бұл аралдарда өткен бірнеше апта ғалымның эволюцияны түсінуіне себепші болған деп саналады.