Бүгін Атырауға «Спутник V» вакцинасының II компонентіне арналған 7 650 доза жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, вакцина дозалары 41 егу бекетіне бөлінеді.
«Бүгін, 18 мамырда өңірге Ақтөбедегі фармацевтикалық хабынан «Спутник V» вакцинасының ІІ компонентіне арналған 7 650 доза жеткізілді. Вакцина дозаларын егу бекеттеріне бөлу және тасымалдау жүргізілуде. Қазір өңірде 41 екпе бекеті жұмыс істейді. Оның екеуі Теңіз кен орнында, ХҚКО-да, «Тамаша», «Көктем», «Атырау», «Байзар», «Дина» сауда орталықтарының әрқайсысында бір-бірден екпе бекеті ашылды. Бұдан басқа, қалалық, аудандық емханалар жанында 23, сондай-ақ, 10 жылжымалы бекетте тұрғындарға вакцина салынады», деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.