Шымкент қаласының әкімі М. Әйтенов Алтынтөбе тұрғын алабындағы «Керемет - сапа» ЖШС-нің интенсивті алма бағы және картоп егістігі шаруашылығын аралап көрді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жеке шаруашылық 14 га жерге бау-бақша жемістерін және 10 га жерге картоп егеді. Өткен жылы 30 тонна алма және 400 тонна картоп жинап, қаладағы сауда нүктелеріне таратқан.
Қалада тұтыну стандарттарына сәйкес, картоп өнімдеріне қажеттілік – 102,5 мың тонна. Өндірілетіні – 4,9 мың тонна немесе қажеттілік 4,8 % ғана қамтамасыз етілуде.
Қазіргі таңда жеке кәсіпкер картоп егістігі көлемін арттыруды, картоп өніміне деген қажеттілікті қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.