• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ауа райы 19 Мамыр, 2021

Бүгін еліміздің басым бөлігінде бұршақ жауады

327 рет
көрсетілді

19 мамырда Қазақстанның барлық аймағында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Egemen.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжауынша, кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы ықтимал, еліміздің солтүстік жартысында, орталықта және шығыста нөсер жауып, дауыл соғуы мүмкін. Тек еліміздің оңтүстік-батысында күн райы ашық болады. 

Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында дауыл соғады, жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.

Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде дауыл соғады, жел екпіні 25 м/с жетеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл соғуы мүмкін, жел күшейіп 23-28 м/с жетеді, бұршақ жауады.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін.

Қызылорда облысында шаңды дауыл соғып, жел жылдамдығы 23 м/с болуы ықтимал.

Қостанай, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді, Жамбыл облысында күндіз бұршақ жауады.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 16 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысында тұман түсуі ықтимал.

Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында қатты ыстық болады.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Атырау облысының кей жерлерінде, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.