Екібастұз қаласында арнайы операция барысында есірткі тасымалдады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, аталған фактіге қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
«Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері «Toyota Carina» маркалы автокөлігінің салонынан ерекше иісі бар өсімдік тектес зат салынған полиэтилен пакет пен үш брикет алды. Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген зат салмағы 12 келіден асатын кептірілген марихуана есірткі құралы болып шықты», деді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Жасқайрат Қайыров.
Күдікті ретінде Екібастұз қаласының 25 жастағы тұрғыны қамауда отыр.