• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Мамыр, 2021

Көкшетауда қару-жарақ пен жарылғыш заттар қоймасы анықталды

383 рет
көрсетілді

Ақмола облысы бойынша ҰҚК департаментінің қызметкерлері Көкшетауда атыс қаруы мен қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды заңсыз дайындау және өткізуге қатысы бар қылмыстық топты құрықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Топтың үш мүшесі қару-жарақ пен жарылғыш құрылғылардың кезекті партиясын сатуға әрекет жасаған кезде ұсталды. Астыртын цех ұсталғандардың бірінің жекеменшік үйінде болған», деді ҰҚК өкілдері.

Нәтижесінде заңсыз айналымнан жеті жауынгерлік тапанша, 96 қолдан жасалған жарылғыш құрылғы, 80 оқ-дәрі, сондай-ақ қару-жарақты модификациялауға және дайындауға арналған құрал-саймандар тәркіленген.

Жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.