• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 19 Мамыр, 2021

Мемлекет басшысы Тәжікстанға екі күндік ресми сапармен барды

364 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның шақыруы бойынша екі күндік ресми сапармен Душанбеге келді. Бұл – Қазақстан Президентінің биылғы алғашқы шетелдік сапары, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің facebook-тегі жазбасына сілтеме жасап.

«Қазақстан Президентін Душанбе халықаралық әуежайында Тәжікстанның Президенті Эмомали Рахмон және басқа да ресми тұлғалар күтіп алды.   Ертең түске дейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон шағын және кеңейтілген форматта келіссөздер жүргізеді деп жоспарланған. Келіссөздер қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылмақ. Сондай-ақ Мемлекет басшылары БАҚ өкілдері үшін баспасөз мәслихатын өткізеді.   Бұдан бөлек сапар бағдарламасына сәйкес Қасым-Жомарт Тоқаев Исмоил Сомонидің ескерткішіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысады және Маджлиси намояндагон Маджлиси Оли төрағасымен және Тәжікстанның Премьер-Министрімен кездеседі», деді Президенттің баспасөз хатшысы.